Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне жолдама алуға бір табан жақын

Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне жолдама алуға бір табан жақын
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне жолдама алуға бір табан жақын тұр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Спорт Шредингера" Telegram арнасының мәліметінше, Елена Рыбакина US Open жарысында румыниялық Сорана Кырстяны жеңсе, 2023 жылғы WTA қорытынды турниріне жолдама алады. Бүгінде ол турнирге екі теннисші Ига Швентек пен Арина Соболенконың қатысатыны мәлім. 

WTA қорытынды турнирі қазан айының соңында болады деп жоспарланып отыр, бірақ оның қайда өтетіні әзірге белгісіз. Ал инсайдерлер мәлімтеінше, жарыс Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өтеді.