Роналдиньо қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

Роналдиньо қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді
Футбол

Getty Images

Танымал бразилиялық футболшы Роналдиньо қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Globo басылымының жазуынша, Роналдиньоге тиесілі 18К компаниясы қаржы пирамидасы болып саналады. Ұйым өз клиенттеріне криптовалютамен жасалатын операциялар негізінде күніне 2%-ға дейін табыс табатындарын айтқан. Футболшы сотқа шақырылған, десе де ол отырысқа келмеген. Содан соң полиция оның төлқұжатын алу үшін үйінде тінту жұмыстарын жүргізген. Сондықтан енді ол сотқа құжатымен бірге өзі келуі керек. Тергеушілер соттан бразилиялық спортшының елден кетуіне тыйым салуды сұраған. 

Роналдиньо 2015 жылы кәсіби мансабын аяқтаған болатын.