Сауль Альварес мансабын қашан аяқтайды
Бокс
Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль Альварес мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
33 жастағы спортшы 4-5 жылдан кейін кәсіби мансабының нүктесін қоюға ниеттеніп отыр.
"Енді 4-5 жыл бокстасатын шығармын. 15 жасымнан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келемін. Осы салаға 18 жылдай өмірімді арнадым. Әрдайым 36-37 жасымда мансабымды аяқтағым келетінін айтатынмын. Осы жеткілікті деп ойлаймын. Өмірімнің көп бөлігін боксқа арнадым, әлі де алар асуым алда. Бірақ содан кейін отбасыммен уақыт өткізіп, өмірден ләззат алуым керек", - деді Альварес The Breakfast Club-қа берген сұхбатында.
Айта кетейік, Канело келесі жекпе-жегін 30 қыркүйек күні бірінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Джермелла Чарлоға қарсы өткізеді.