Футбол: ұлттық құрама қорғаушысы түркиялық клубтың ойыншысы атануы мүмкін
Футбол
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Meta-ratings.kz жазуынша, грозныйлық "Ахмат" ойыншысына Түркияның "Трабзонспор" командасы қызығушылық танытып отырған көрінеді. Алайда Марат Быстровтың ресейлік клубпен келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген.
Еске салайық, қазақ футболшылар 2023/2024 жылдар маусымынан бастап Түркияның Суперлигасында легионер болып саналмайды.