Әлем чемпионы атанған қазақстандық ресейлік клубтан америкалық ұжымға ауысты

Әлем чемпионы атанған қазақстандық ресейлік клубтан америкалық ұжымға ауысты
Киберспорт
Әлемнің топ-ондығына енетін ресейлік киберспорт клубтарының ойын құрамдары өз клубтарының атауын пайдалана алмай жүрген болатын. Мұндай ахуал құрамындағы ойыншылардың азаматтығына емес, ұйымның өзі қай елде тіркелгеніне, қандай демеушілері бар екеніне қатысты турнир операторлары тарапынан жасалғаны белгілі. Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) шутерінде өнер көрсететін Абай «Hobbit» Хасеновтың ресейлік «Gambit Esports» командасы соңғы ірі турнирлердің бәріне «Players» деген бейтарап атаумен қатысып жүрген еді. Клуб басшылығы да ойыншыларына басқа атпен қатысуға шектеу қоя алмаған. Енді бұл командадағы бестікті тұтас күйінде америкалық «Cloud9» киберспорт ұйымы сатып алды. Оған қоса жаттықтырушы Константин «Groove» Пикинер де трансфердің ішінде. Бұл туралы ақпарат клубтың ресми сайтында және YouTube сайтында пайда болды. https://youtu.be/Lfiv2Ds1kAQ Бір жағынан, бір-біріне үйреніскен құрамды ажыртапай тұтас сатып алғаны тиімді болып келеді. Абайдың командаластары Владислав «nafany» Горшков, Дмитрий «sh1ro» Соколов, Тимофей «interz» Якушин, Сергей «Ax1Le» Рыхторов ресейлік екеніне қарамастан, енді АҚШ клубы атынан өнер көрсететіндіктен, еш қиындытарға ұшырамауы тиіс. «Cloud9-ның» алдыңғы CS:GO құрамы 2021 жылдың наурызында таратылған еді. Бұл шешімге коронавирус пандемияcы себеп болды: команда буткемпте жаттыға алмай, нәтижелері орташа болған. «Менің арманым әрқашан шетелдік ұйымға (кез келген ТМД ойыншысының секілді), ауысып, атомсферасын сезіну болатын. Сізге бұл арманның орындалғанын және одан да асып түскенін айтуға асықтым! Ең танымал және ең ірі ұйымдардың бірі - Cloud9, менімен,менің ең жақсы командаммен, соның ішінде біздің тәлімгеріміз, көшбасшымыз және жай ғана жақсы адам – ​​Константинмен келісімшартқа қол қойды! Ол соңғы оқиғаларды ескерсек, ең жақсы нәтижеге қол жеткізді. Осы бір қиын-қыстау сәтте тек біз, ұжымымыз үшін, біртұтас жарасымды ағза болып ұйысу үшін басшылық қызметтен кеткені баршамызға мәлім, мені осы кісімен жақындастырған Жартақанға сансыз шүкір! Сондай-ақ, «Гамбитке» көп рахмет, бұл ұйым әрқашан менің жүрегімде болады – менің қарашаңырағым! Бірақ алға жылжитын уақыт келді! Жақсылық болсын!», - деп жазды қазақстандық ойыншы. https://twitter.com/HObbitcsgo/status/1518220550669279233 Естеріңізге сала кетейік, Абай «Hobbit» Хасенов – еліміздің ең танымал киберспортшыларының бірі, 2017 жылғы әлем чемпионы.