Халықаралық олимпиада комитеті ІВА-ді мойындаудан бас тартты

Халықаралық олимпиада комитеті ІВА-ді мойындаудан бас тартты
Бокс

Халықаралық олимпиада комитеті ІВА-ді мойындаудан бас тартты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

ХОК кезектен тыс сессиясы аясында ұйымның баа директоры Кристоф де Кеппер Халықаралық бокс қауымдастығын мойындамау жалғыз ақылға қонымды шешім екенін айтты. Сондықтан ІВА 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлерін өткізе алмайды. 

Айта кетейік, 2019 жылы ХОК басқарма, қаржылық, төрешілік және этикалық мәселелер салдарынан ІВА-дің Олимпиада ойындарындағы бокс турнирін өткізуден шеттеткен. Токиода өткен жазғы Олимпиадада ХОК іріктеу сайыстарын өзі өткізген, ал қазір Парижге жолдама беру барысын халықаралық ұйым өз бақылауында ұстап отыр.