Қазақстан ІВА рейтингінде көш бастады

Қазақстан ІВА рейтингінде көш бастады
Бокс

Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) барлық салмақ дәрежелеріндегі спортшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан 150 елдің ішінен бірінші орын алды. Еліміздің қоржынында 81 000 ұпай бар. Өзбекстан екінші орында - 60 800 ұпай. Ал үздік үштітік 58 050 ұпаймен Ресей түйіндеді. 

Рейтингтегі үздік ондыққа Үндістан, Куба, Бразилия, Италия, Турция, Мексика мен АҚШ құрамалары да енді. 

Айта кетейік, ІВА рейтингісінде ерлер және әйелдер құрамаларының жинаған ұпайлары есепке алынады.