Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны белгілі болды

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны белгілі болды
Бокс
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болған Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой деңгейге ауысатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 67 келі салмақта өнер көрсетіп келген А.Жүсіпов әлемнің үш дүркін қола жүлдегері.
«Ұлттық құраманың боксшылары және жаттықтырушылар штабы капитан ретінде Асланбек Шымбергеновты таңдап алды», - деді бокстан Қазақстан құрамасының тәлімгері Қайрат Сәтжанов.