Абылайхан Жұмабек Қазақстанның тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды

Абылайхан Жұмабек Қазақстанның тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылдың тамыз айының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі сауалнама ұйымдастырды. Респонденттердің әрқайсысы үздік үштікті таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 3 балл – бірінші орын үшін, 2 балл – екінші орын үшін, 1 балл – үшінші орын үшін. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды. Сауалнама қорытындысы бойынша тамыз айында «Тараз» ФК шабуылшысы Абылайхан Жұмабек еліміздің үздік ойыншысы атанды. 20-жасар шабуылшы жаздың соңғы айында өткен төрт ойында 6 гол соқты. Жұмабек 40 ұпай жинады. Екінші орынды төрт кездесуде 4 гол соққан «Ақжайық» ФК сұрмергені Тома Табатадзе иеленді. Грузия елінің легионері 35 балл жинады. Үздік үштікті «Астананың» жартылай қорғаушысы Педро Эуженио тұйықтады.