Басты

«Жекпе-жекті қайталап көрдім»: Головкиннің алғашқы бапкері оның қандай қате жібергенін айтты

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен үшінші жекпе-жектен соң боксшының алғашқы бапкері пікір білдірді. Ғалымбек Кенжебаевтың пікірінше, Головкин жетінші раундқа дейін өз күшін қолданбаған, деп жазады Bassport.kz

«Головкин жеңіске жетеді деп сенгенмін. Өйткені, жапондық Муратомен өткен жекпе-жектің басында да осылай тұрып қалып, кейін аяғын, соққыларын, интеллектін қосқан еді. Жасы келді, 40 жаста жұдырықтасу оңай емес. Ағзада кері процестер басталады. Реакциясы, қозғалысы, жылдамдығы бәрі баяулайды. Генамыз Қазақстанға бар жағынан үлес қосты. Бүкіл әлемге елімізді танытты. Мұны ешқашан ұмытпаймыз. Оның аты тарихта қалады…»,  – деді бапкер кездесу аяқталған бойда.

Ал жекпе-жекті қайталап көріп шыққан соң, Ғалымбек Кенжебаев тағы да өз пікірін жолдады.

«Кездесуді тағы қайталап көрдім. Меніңе, Гена жетінші раундтан бастап қимылдай бастады. Бұл кезде «Канело» шаршады. Ол күшін сақтау үшін алты раунд бойы ара-қашықтықты ұстады. Тек жетінші раундтан бастап орта қашықтықта соққы жұмсай бастады. Алайда, бұл жеңіске жету үшін кеш еді. Головкин алғашқы раундтарды Альвареске беріп қойды»,  – деді спортшының алғашқы бапкері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button