Басқа

Israel Open: Рита Бакишева жүлдегерлер қатарында

Израильдің Тель-Авив қаласында таеквондодан Israel Open турнирі өтіп жатыр.

G2 санатындағы, яғни әлемдік рейтингтің ұпайы сарапқа салынатын аламанда төрткүл дүниенің 30 елінен 227 спортшы бақ сынауда.

Дүбірлі додада қазақстандық Рита Бакишева қола медальді қанжығасына байлады. Осылайша 46 келі салмақтың өкілі Рита Бакишева 7,2 ұпай еншілеп отыр.

Екі күнге созылатын турнирге елімізден тек Бакишева қатысты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Федерация Таеквондо WT РК (@kz_taekwondo_federation)

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button