Басқа

Ислам ойындарында екі қазақстандық спортшы үш алтын мен үш күміс медальді еншіледі

 Қазақстандық ауыр атлет Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды.

А.Муптилда +87 келі салмақта серпе көтеруден 116 кг, жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Қоссайыс қорытындысы бойынша 266 келіні бағындырған Айзада алдына жан салмай, чемпиондық тұғырға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук дәл осы салмақта серпе көтеруден 114 кг, жұлқа көтеруден 147 кг, жалпы есепте 261 келімен күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, А.Муптилда үш алтын, Л.Ковальчук үш күміс медальді еншіледі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СПОРТТЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫ (@drs_kz)

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button