Дзюдо

Ислам Бозбаев дзюдодан Азия чемпионатының күміс медалі иегері атанды

Қазақстандық спортшы Ислам Бозбаев дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында Бозбаев БАӘ өкілі Джафар Костоевтан ұтылды. Отандасымыздың тағдырын бір ұпай шешті. Салмақ дәрежесін ауыстырған спортшының сөзінше, жеңілісінің себебі күшінің жетіспей қалуында.

Отандасымыз 9 тамыз күні Түркияда басталатын Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Дидар Хамза, Аруна Жангелдина, Нұрлыхан Шархан, Мағжан Шәмшадин пен Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде иегерлері атанса, Абиба Абужакынова күміс, ал Данияр Шамшаев алтын медаль жеңді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button