БастыБокс

Elorda Cup: Команда капитаны Асланбек Шымбергенов финалда әлем чемпионын жеңіп кетті

Бокстан Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Елорда кубогі» турнирінде Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

71 келіде сынға түскен Шымбергенов финалда 2021 жылғы әлем чемпионы Шевон Оказаванмен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Асланбек 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, Оказава Сербияда өткен соңғы әлем чемпионатында топ жарды. Ол жартылай финалда қазақстандық Абылайхан Жүсіповті ұтқан болатын.

«Елорда кубогінде» жеңіске жеткен спортшылар қатарында әлем чемпиондары Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов және әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов бар.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button