Дзюдо

Дзюдодан Анталиядағы Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар анықталды

31 наурыз бен 8 сәуір аралығында дзюдодан Қазақстан командасы Түркияның Анталия қаласындағы халықаралық жаттығу лагеріне қатысып, Grand Slam турнирінде бақ сынайды.

Турнирде сынға түсетін Қазақстан ерлер командасының құрамы:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев;

66 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев;

73 келі: Данияр Шамшаев, Жансай Смағұлов;

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Барак Арқабай, Дидар Хамза;

90 келі: Ерсұлтан Мұзаппаров

100 келі: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан;

+100 келі: Жамбыл Тұрғынәлиев.

Қазақстан әйелдер командасының құрамы:

52 келі: Гаухар Ирмағамбетова;

57 келі: Севара Нышанбаева;

63 келі: Мөлдір Нарынова;

70 келі: Зере Бектасқызы;

78 келі: Аруна Жангелдина;

+78 келі: Камила Берліқаш, Назгүл Маратова.

Естеріңізге салайық, ақпан айында Израильде өткен дзюдодан халықаралық Grand Slam жарысында қазақстандық спортшылар бір күміс және екі қола медаль жеңіп алған еді. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button