Дзюдо

Дидар Хамза дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық Дидар Хамза қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды  Bassport.kz. 

90 келі салмақта сынға түскен Дидар Хамза кіші финалда қарсыласынан басым түсіп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ, әйелдер арасында Аруна Жангелдина турнирдің қола жүлдесін иеленді.

Бұл Қазақстан командасының қоржынына салынған төртінші қола жүлде.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button