Бейжің-2022

Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында Қытай құрамасы алға шықты

Қытайлық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында жалпы есеп бойынша алға шықты.

Қытайлық паралимпиадашылар 18 алтын, 20 күміс және 23 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Украина командасы тұрақтады (11-10-8). Үштікті канадалықтар аяқтады (8-6-11).

Халықаралық паралимпиада комитетінің атқарушы органы (IPC) 2 наурызда Украинадағы оқиғалар аясында Ресей мен Беларусь құрамаларына Бейжің паралимпиадасына бейтарап күйде қатысуға рұқсат берді. Алайда келесі күні IPC басқарушы органы ресейліктер мен беларуссиялықтарды ойындарға жібермеу туралы шешім шығарды. Мұны бірқатар құраманың бойкот жариялау қаупіне байланысты деп түсіндірді.

Қытайда Паралимпиада ойындары жексенбіде аяқталады.

Дереккөз: РИА Новости.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button