Футбол

«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері орнында қалатын болды

Премьер-лигада өнер көрсететін «Ақжайық» футбол клубының бас бапкері, украиналық маман Владимир Мазяр орнында қалатын болды.

В.Мазяр ел чемпионатының 16-турында Алматыда «Қайратпен» өткен матчтан кейін өз орнынан кететіні жөнінде мәлімдеген болатын.

«Ақжайық» футбол клубының басшылығы осыдан соң ойыншылар мен бас бапкердің арасында кездесу өткізген.

«Клуб ойыншылары бапкерді толықтай қолдады – бұл басшылыққа оның орнынан кетуі жөніндегі өтінішін қабылдамауға негіз болды. Жазғы трансферлік кезеңде команда жаңа ойыншылармен күшейтіледі. Бұл команданың ішіндегі бәсекелестікті арттырып, жағдайды түзеуге септеседі», – деп хабарлады «Ақжайық» футбол клубынан.

Қазіргі кезде оралдықтар турнир кестесінде 12 ұпаймен 13-орында, яғни бірінші лигаға түсіп қалу қаупі төніп тұр.

«Ақжайық» 8 шілде күні Қазақстан кубогы үшін Қызылордада жергілікті «Қайсармен» кездеседі.

Дереккөз: inform.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button