Бокс

Әлімханұлының қарсыласы белгіленді

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (12-0, 8 КО) WBO чемпионы атанғаннан кейін алғашқы қарсылас белгіленді.

Отандасымыз британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жекпе-жекке шығады.

«Жеңілмеген қазақстандық боксшы мен англиялық Дензел Бентли ESPN+ кешінің басты айқасында 12 раундтық жекпе-жек өткізу туралы келісімге келгені белгілі болды. Лас-Вегастағы бұл бокс кеші 12 қарашада өтеді.

Бентли 160 фунтта WBO тұжырымынша чемпиондыққа үміткерлер арасында 14-орында тұр, бірақ, Әлімханұлы міндетті қорғау өткізбесе де болады», – деп жазады BoxingScene.com.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button