Бокс

Әлімханұлының промоутері Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жектен неге бас тартқанын түсіндірді

Промоутер Боб Арум (Top Rank) орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру идеясына оң көзқараспен қарайтынын айтты. Алайда олар GGG-дің «қаржылық тәбетін» қанағаттандыра алатынына күмәнданып отыр.

Сонымен қатар Арум IBF нұсқасы бойынша бразилиялық Эскива Фалькаоның да Головкиннің әлеуетті қарсыластарының бірі екенін сөз етті.

«Головкин бұдан әрі кіммен жұдырықтасады? Жәнібекпен немесе Фалькаомен? Бұл жекпе-жектерді оңай өткізуге болады. Бірақ оған біздің қалтамыз қалың емес. Бұл оның кінәсі емес, бірақ Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде шамамен 30 миллион доллар тапты. Осы жігіттердің қай қайсы болмасын (Әлімханұлы мен Фалькаомен) кездесу үшін GGG-ге алдыңғы айқасындай ақша төлемейді», – деді Арум Fighthype.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Геннадий Головкин мен мексикалық Саул Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-ға өтті. Боксшыларға жанкүйер болу үшін кешенге 19 519 адам келген.

Дереккөз: nur.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button