БасқаБастыБейжің-2022

Александр Герлицке «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Бейжіңдегі қысқы паралимпиада ойындарының жүлдегері Александр Герлицке «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді.

Спортшыға төсбелгіні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов табыстады. Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, «Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті» ҚБ Бас хатшысы Ерлан Сүлейменов және Паралимпиада құрамасының бас бапкері Василий Коломиец қатысты.

фото: Yer-Zhan Baitanayev

«Қазақстанның барлық паралимпиада құрамасына осындай жетістік үшін алғыс айтқым келеді. Сіздер керемет нәтиже көрсеттіңіздер. Қайсарлық пен табандылықтарыңыздың арқасында біздің еліміз осы ойындарда лайықты өнер көрсетті. Бұл нәтиженің артында спортшылардың өздеріне және олардың жаттықтырушыларына ғана белгілі орасан зор еңбек жатыр», – деді Ералы Тоғжанов.

Премьер-Министрдің орынбасары бұқаралық спортты дамыту және инклюзивті ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударды, оның айтуынша, бұл мәселелер Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Ералы Тоғжанов мемлекет тарапынан спортты дәріптеу үшін барлық қажетті жағдайларды жасаудың жалғасатындығын жеткізді.

«Александр біздің команданың ту ұстаушысы ретінде өзіне жүктелген жоғары сенімді ақтады. Сіздің жетістіктеріңіз-мықты рухани жігердің жарқын үлгісі. Бізді алдағы жарыстарға дайындық бойынша үлкен жұмыс күтіп тұрғанын атап өткім келеді. Біз осы паралимпиада ойындарында жоғары нәтижелер көрсеткен ҚХР мен Украинаның тәжірибесін мұқият зерделейтін боламыз», – деді Дәурен Абаев.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button