Күрес

Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Әлем Кубогына қатысады

5-6 қараша күндері Бакуде (Әзербайжан) грек-рим күресінен Әлем Кубогы өтеді.

Жарысқа рейтинг қорытындысы бойынша 5 үздік құрама және жұлдыздар командасы қатысады.

Жұлдыздар командасының құрамы халықаралық күрес федерациясымен (UWW) анықталады. Ол топқа өз құрамаларына енбеген үздік балуандар кірді.

Айдос 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Жүлде қоры 100 000 доллар. Жеңімпаздар 70%, екінші орын үшін 20%, үшінші орынға 10% алады.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button