Швейцариялық велошабандоз әлем чемпионаты кезінде көз жұмды

Швейцариялық велошабандоз әлем чемпионаты кезінде көз жұмды
Велоспорт

IMAGO/ARNE MILL | SCANPIX

18 жастағы швейцариялық велошабандоз Мюриэль Фуррер Цюрихте жасасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында құлап көз жұмды. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Сол күні Цюрихте жауын жауып тұрған. Фуррер велосипедті басқара алмай қалып, трассада құлаған. Алдын ала болжам бойынша, ол жолда ұзақ уақыт жатып қалған. Мюриэльді тапқан бойда ол тікұшақпен ауруханаға жеткізілген, алайда оның есін жимастан ертеңіне қайтыс болғаны белгілі болды. Оның қазасына бас-ми жарақаты себеп болған.

Қазір тергеу жүріп жатыр. ӘЧ ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Оливье Сенн көмектің уақтылы жетпегені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Шабандоздың өліміне қарамастан, жарыс жалғасын тапқан. Себебі Фуррордың отбасының қалауы осы болған. Жарыс бағдарламасына өзгеріс енгізіліп, трассаның бойына қосымша қызметкерлер қойылған.