Қазақстан Кәсіпқой Бокс Комиссиясының президенті сайланды
Еліміздің бокс қауымынатанымалтұлға АрманМомынов Қазақстан Кәсіпқой Бокс Комиссиясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
"Қазақстандық кәсіпқой боксын әрі қарай дамытып, дархан даламызды әлемдік бокс ордасы етуге бар күш-жігерімді салуға дайынмын! Ол үшін шетелдік ұйымдармен қарым-қатынасымызды нығайтып, өз боксшыларымызға, промоутерлерімізге, менеджерлерімізге, төрешілерімізге, бапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету керек. Жаңа Қазақстанмен бірге еліміздің кәсіпқой боксын жаңа бағытқа жетелеймін деп сенемін. Жақын арада жақсы жаңалықтар болады, әр қадам жайлы хабардар боласыздар! Рахмет!”, - деді Арман Момынов.
Қазақстан аумағында кәсіпқой бокс жекпе-жегіне санкция беретін Қазақстан Кәсіпқой Бокс Комиссиясы 2018 жылдан бері белсенді түрде дамып келеді. Осы уақыт ішінде Комиссия Қазақстан аумағында өткен кәсіпқой бокстың 40-тан астам кездесуіне санкция берді. Атап айтқанда, әртүрлі салмақ дәрежесінде IBO World, WBA Asia, WBC Youth World, WBO Asia Pacific Youth, WBO European, WBA GOLD World Champion, WBA Inter-Continental, WBO Intercontinental сынды титулдарға санкция берілді. Бұл жекпе-жектер әлем жұртшылығының назары ауған еді.
Осы жекпе-жектердің 8-і ESPN+ арнасында 200-ден астам елде тікелей көрсетілді. Тағы екі жекпе-жек 200-ден астам елді қамтитын DAZN арнасында көрсетілді. Сонымен қатар, жанкүйерлер IFLTV YouTube арнасында 10 жекпе-жек, сонымен қатар Хабар, Qazsport, Setantа Qazaqstan, ресейлік Матч ТВ, Бокс ТВ және Боец арналарынан тікелей эфирде көре алды. Бұл – қазақстандық боксшыларға деген қызығушылықтың белгісі.
Қазақстанның кәсіпқой бокс комиссиясы "TukeshovBoxingPromotion", "MOVIDA Promotion", "Boxing Star Promotion", "AdalPromotion", "R12 Promotion", "MgroupPromotion" сияқты жетекші промоутерлермен, сондай-ақ WBC, WBO, WBA, IBF, IBO, UBO сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқаруда. Осы ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық көрерменнің ғана емес, шетелдік бокс жанкүйерлерінің де назарын аударатын сапалы бокс кештері ұйымдастырылуда.
Айта кетерлігі, Қазақстанның Кәсіпқой Бокс Комиссиясы қазірдің өзінде қазақстандық боксшыларға 300-ден астам кәсіпқой бокс лицензиясын берді.